"Қазiргi уақытта сарапшылар айтып отыр, мемлекеттiк тiлдi меңгеруде Қазақстан халқының 62-63 пайызы қазақ тiлiн, 92 пайызы — орыс және 16,6 пайызы ағылшын тiлiн меңгерген. Елбасының қойып отырған саясаты — елiмiзде үш тұғырлы тiлдi дамыту. Осыған байланысты бүгiн Үкiмет отырысында бағдарламаның орындалу барысы талқыланды", — деп атап өттi ол.
Брифинге қатысқан ҚР Мәдениет министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы бағдарлама аясында жасалған жұмыстардың нақты көрсеткiштерiне тоқталды.
"Есептi кезеңде мемлекеттiк тiлдi дамыту мен қолдануға бағытталған бiрқатар жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, ҚАЗТЕСТ жүйесiн жетiлдiру бойынша мемлекеттiк тiлдi оқытуға арналған 5 деңгейден тұратын оқу-әдiстемелiк кешен әзiрлендi.
Сонымен қатар елiмiздiң барлық тiлдердi оқыту орталықтарына таратылды. Ендiгi кезекте мемлекеттiк қызметшiлерге қазақ тiлiн меңгерудi мiндеттеген дұрыс. Мұны 2015 жылдан бастап орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына сатылы түрде ҚАЗТЕСТ жүйесiн енгiзу арқылы шешемiз", — деп атап өттi министр.
Оның айтуынша, қазiргi уақытта елiмiзде 351 тiлдi оқыту орталықтары бар. Бұл салаға жеке кәсiпкерлердiң қызығушылығы да артқан.