Елордада Д.Назарбаеваның жетекшілігімен өнер фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада Д.Назарбаеваның жетекшілігімен өнер фестивалі өтеді

Елордада Д.Назарбаеваның жетекшілігімен өнер фестивалі өтеді

20-22 маусым күндері елордада «Астана кештері» атты 3-ші халықаралық өнер фестивалі өтеді.

  • 10 Маусым 2014
  • 428
Фото - Caravan.kz

Фестивальдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәдени шара «Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаеваның бастамасымен әрі жетекшілігімен ұйымдастырылады.

«Жоба аясында 5 концерт ұйымдастырылып, онда Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Италияның танымал орындаушылары өнер көрсетеді. Барлық концерттер life форматында өтеді. Бұл жоба қайырымдылық шарасы болғандықтан барлық билеттер тегін таратылады», — делінген хабарламада.

Концерттер Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Астана Опера» театрының залында өтеді.