Қарағандылық фермерлер Ресейге ет экспорттауды жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық фермерлер Ресейге ет экспорттауды жоспарлауда

Қарағандылық фермерлер Ресейге ет экспорттауды жоспарлауда

Қарағанды облысының фермерлері биылғы жылы Ресейге 400 тоннаға дейін сиыр етін экспорттауды жоспарлауда, деп хабарлады өңір әкімдігінен.

  • 10 Маусым 2014
  • 675
Фото - Caravan.kz


«Ресейдің шекаралас өңірлері мен Мәскеуге мұздатылған сиыр етін жеткізу туралы уағдаластық бар. Бұл өнімді экспорттауға облыста ауыл шаруашылығы өндірушілері дайын. Экспорттау күзде басталмақ», — деді облыс әкімінің аппараты АӨК дамыту бөлімінен.

Биліктің ақпаратына сүйенсек, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша өңірдің мал шаруашылығы мамандары соңғы үш жылда 20 мың бас ірі қара мал сатып алды. Облыс бұл бағдарламаны іске асыруда көш бастап тұр.

«Қарағанды облысы тауарлық ет өндірісі үшін селекциялық-асыл тұқымды мал өсіру жағынан ел бойынша ең жоғары көрсеткішке ие. Аналық малдың тұқымымен будандастыру үлесі 25,6 пайызды құрайды, ал республикалық орташа деңгей 16 пайызды құрайды», — деп атап өтті АӨК дамыту бөлімінен.

Облыстың тоғыз ауылшаруашылық кәсіпорны тұқым будандастыру жұмысымен айналысады. Бұл үшін «KazMeat» ЖШС-ның («ҚазАгроӨнiм» АҚ еншілес компаниясы) жеңілдік бағдарламасы бойынша «ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының аясында 50 бас «ангус», «герефорд» тұқымды өндіруші бұқа сатып алынды.