"Халқым, көмектесіңдер": Блогер Juzzefina-ның үстінен анасы арыз түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халқым, көмектесіңдер": Блогер Juzzefina-ның үстінен анасы арыз түсірді

"Халқым, көмектесіңдер": Блогер Juzzefina-ның үстінен анасы арыз түсірді

Juzzefina есімімен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева өзінің үстінен анасы арыз түсіргенін айтты.

  • 25 Маусым
  • 41
Фото - Видеодан скрин

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Шешем үстімнен арыз түсірді. Бүгін сағат кешкі 18:00-де үйімнен досымды шығарып салып жатқанда полиция қызметкерлері күтіп алды. Есікті жаптырмай Бостандық ауданының полиция бөлімшесіне алып кетті», — деп жазды блогер.

Instagram-нан скрин

Сондай-ақ ол көпшіліктен көмек сұрады.

«Мені тұтқындады. Анам үстімнен арыз түсірді. Өтінемін, бәрі әділетті түрде өткенін қалаймын. Халқым, өтінемін көмектесіңдерші», — деп жазды блогер.

Instagram-нан скрин

Естеріңізге сала кетейік, блогер әкесінің зорлағанын айтып ал оның көмекшісі болған Ақмарал есімді әйел оның айтқанын жоққа шығарған еді.

«Қай жері көгерген? Ол өз-өзін көгертуі мүмкін. Әкесі зорламаған. Ол үйінің бір қызы болғандықтан тіпті үйін де жинатпаған, оны мәпелеп ұстаған. Қайдағы зорлау», — деп айтқан еді әйел.