СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Ертең Алматыда таэквондодан “Федерация Кубогы” өтпек. Қазақстан чемпионатынан кейінгі бұл дода еліміздің ең мықты спортшыларының басын қоспақ.

  • 11 Маусым 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz

Жарысқа еліміздің барлық облыстары, сондай-ақ Алматы мен Астанадан 16 команда қатысады. Турнирде жалпы саны 250- ге жуық таэквондошы өнер көрсетпек. Ерлер мен әйелдер сегіз салмақта өзара мықтыны анықтамақ. Турнир қортындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, тамыздың 28-31 күндері Қазақстанда өтетін әлемдік Гран-приге дайындық басталады. Баспасөз маслихатында сөз алған таэквондо федерациясының басшылары болашақта құрамаға қос легионерлерді тартуды жоспарлап отырғандықтарын жеткізді. Олар кореялық Ким Бонг Су және Түркияда тұратын этникалық қазақ Жансауле .

 

Көпкүндік «Критериум Дофине»  «Тур де Франс» алдындағы соңғы дайындық сынағы болып табылады. Екінші күн Лион маңын жағалап жүрген  шабандоздар  кезекті жарыс күні жоғары дәрежедегі күрделі асуды бағындырды.

158 шақырымды құраған жарыс жолында тағы да  британиялық шабандоз Крис Фрум топ жарды. Tinkoff-Saxo клубының капитаны Альберто Контадор мәре сызығын екінші кессе, үздік үштікті голландиялық Вилко Келдерман түйіндеді. Жеңімпазға 27 секунд ұтылған «Астананың» лидері Винченцо Нибали алтыншы нәтиже көрсетті.  Жалпы есепте әзірге Крис Фрум  көш бастаса, одан 12 секунды кем  Контадор генералдық тізімде екінші  тұр. Бүгін пелотонды  екінші дәрежелі қос асудан тұратын 194 шақырымдық жарыс жолы күтеді.  

 


Нью-Иорктегі әйгілі  Мэдисон Гарден аренада үлкен кәсіпқой бокс кеші өтті. Осы кештегі  орталық бәсекеде үш салмақ бойынша әлемнің экс чемпионы  пуэрторикалық Мигель Котто мен WBC версиясының чемпионы аргентиналық Серхио Мартинес кездесті.

20 мың көрермен тамашалаған бәсекенің бірінші раундында, Котто қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. Қанша соққы алса да тоғыз раунд шыдаған  Серхио Мартинес, одан әрі  жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Бүгінгі жеңістен кейін  Мигель Котто, төрт салмақ бойынша  әлем чемпионы атағын жеңіп алған  тұңғыш пуэрторикалық боксшы атанды. Естеріңізге сала кетейік, 26-шілде күні осы аренада жерлесіміз Геннадий Головкин аустралиялық Дэниэл Гилмен жұдырық түйістіреді.