Міне, айыпталушының өзі. Кілең кішкентайларды модель боласың деп алдап, камераға түсіріп әдеттенген ол енді өз бет-аузын қолымен қалқалап әлек. Ұлыбритания азаматы осы жылдың ақпан айында бір қап ұятсыз сурет, бейнетаспалармен ұсталған еді. Полицейлер пәтерінен 12 және 15 жас аралығындағы талдырмаш қыздардың порнофильмдерін де тапқан. Ал басты рөлдерде- атыраулық жеті бірдей жеткіншек пен оралдық 3 оқушы қыз. Ағылшынның құйтырқы әрекеттері 10 томдық іске тиек болып отыр. Оның орыс тілін түсінбеуіне байланысты қылмыстық құжаттардың барлығы шет тіліне аударылыпты.
Алмагүл Смағұлова, прокурор:
-Сотталушы өз кінәсін мүлде мойындап отырған жоқ. Суреттерді жай қызық үшін түсірдім дейді. Яғни, оны сатуға дайындамаған, тек өзіне арнап жасадым деп ақталып отыр.