Шымкент тұрғыны туыстарын балталап өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент тұрғыны туыстарын балталап өлтірді

Шымкент тұрғыны туыстарын балталап өлтірді

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жақындарын балталап өлтірді. Асырап алған отбасында тұрып жатқан 23 жастағы жігіт өз келіншегі мен қарындасын осылай ажал құштырған.

  • 11 Маусым 2014
  • 190
Фото - Caravan.kz


Өгей ұл мен үйдегілердің арасында жиі жанжал болып тұрыпты. Кезекті ұрыс кезінде ол келіншегіне пышақ сұғып алған. Айғай-шуға келген 19 жастағы қарындасына да сол суық қаруын жұмсапты. Осыдан кейін екеуін сарайға апарып балталап тастаған. Бұдан кейін де байыз таппаған қанішер бақшада жұмыс істеп жүрген әкесін де күрекпен ұрып талдырыпты. Қазір 51 жастағы азамат ауыр хәлде ауруханада жатыр. Ал күдіктінің өзі көп ұзамай қолға түсті.