Шығыс Қазақстан облысында 7 жасар қыз суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында  7 жасар қыз суға кетті

Шығыс Қазақстан облысында 7 жасар қыз суға кетті

Шығыс Қазақстанда үш күннен бері суға кеткен бүлдіршіннің денесі іздестіріліп жатыр. 7 жасар қыз Ертіс маңындағы жарда ойнап жүріп, абайсызда құлап кеткен.

  • 11 Маусым 2014
  • 218
Фото - Caravan.kz

50 метрдей биіктіктен құлдилаған баланың аман қалуы екіталай дейді мамандар. Қызды іздеуге қатты ағыс пен судың лайлы болып тұрғаны кедергі келтіруде. Қазір оған құтқарушылардан бөлек, Шақаман ауылының тұрғындары да жұмылдырылған. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Сондықтан да құтқарушылар тағы да судың жағасында жүрген балалардан сақ болуды сұрап отыр.


Қуанышбек Байтуғанов, Семей қалалық судан құтқару станциясының бастығы:

-Судың ағыны өте қатты! Қатты болғанда 2-3 секундта баланың денесін төмен қарай алып кетуі өте мүмкін! Қазір бәрі демалуға жағаға шығады. Сондықтан сақ болуды сұраймыз.