Виктор Храпунов әйелімен ажырасты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Виктор Храпунов әйелімен ажырасты

Виктор Храпунов әйелімен ажырасты

Виктор Храпунов жұбайы Ләйләмен ажырасты. Алматының жерін оңды-солды сатып, бала-шағасымен Швейцария асқан ерлі-зайыптылар бұған дейін бақытты отбасы сияқты көрінген еді. Енді не бөлісе алмағаны белгісіз.

  • 11 Маусым 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz


Алматының экс-әкімінің әйелімен некесін бұзғанын бүгін Цюрихте шығатын Neue Zürcher Zeitung газеті жариялады. Швейцарияның федералдық прокуратурасы бұл екеуінің ел аумағындағы заңға қайшы әрекеттеріне байланысты қылмыстық іс қозғаған еді. Ресми құжаттарда Швейцария мен ұлттық қорғанысқа қарсы бағытталған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы айтылған. Бұған тыңшылық жасау, әскери барлау және өзге мемлекеттің мүддесі үшін ақпарат жинау әрекеті жатады. Сөйтіп 2008 жылдан бері Женевада тұрып келе жатқан Виктор Храпуновтың жанұясы бақылауға алынған. Осының бәрін тізіп шыққан аталмыш газет оның қазір әйелімен ажырасып кеткенін айтыпты.