Қайырымдылық жобасы аясында тегін 5 концерт беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайырымдылық жобасы аясында тегін 5 концерт беріледі

Қайырымдылық жобасы аясында тегін 5 концерт беріледі

Елордамызда 20-22 маусым күндері аралығында «Астана кештері» ІІІ халықаралық өнер фестивалі өтеді.

  • 17 Маусым 2014
  • 494
Фото - Caravan.kz

Фестиваль «Дегдар» гуманитарлық қорының қамқорлық жөніндегі төрайымы Дариға Назарбаеваның ұйымдастырушылығымен және жетекшілігімен өткізіліп отыр. Жоба аясында Қазақстан, Ресей, Әзербайжан мен Италияның атақты орындаушыларының қатысуымен 5 концерт болады. Концерттің бәрі де live форматында өтеді.

Қайырымдылық жобасы болғандықтан, коммерциялық ештеңе жоқ, сондықтан да билеттер тегін беріледі. Фестиваль ұйымдастырушыларының мақсаты — әлеуметтік жағдайы әртүрлі жұртшылықтың басын музыка әлемінде түйістіру.

Алдындағы екі фестиваль көрермен тарапынан ыстық ықыласқа бөленді. Сондағы концерттің бәрін әйгілі музыкатанушы Святослав Бэлза жүргізді. Фестивальдің бір концертіне мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев келді.



Қазіргі жоба ауқымы жағынан кең және ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетуді көздеп отыр. Концерттер Бейбітішілік пен келісім сарайында және «Астана Опера» театрының камералық залында болмақ.

Перейти к новостям спорта