Нельсон Мандела туралы фильмнің алғашқы қойылымы Астанада өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нельсон Мандела туралы фильмнің алғашқы қойылымы Астанада өтті

Нельсон Мандела туралы фильмнің алғашқы қойылымы Астанада өтті

Оңтүстік Африка Республикасының тұңғыш президенті Нельсон Мандела туралы фильм көрерменге жол тартты. Туындының алғашқы қойылымы бүгін Астанада өтті, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық арнасы.

  • 20 Маусым 2014
  • 399
Фото - Caravan.kz


Оны тамашалауға Елорда тұрғындары мен Оңтүстік Африка Республикасы Елшілігінің өкілдері келді.

«Бостандыққа ұзақ жол» деп аталатын фильм Манделаның өмірбаянына негізделіп түсірілген.

2,5 сағатқа созылған туындыда саяси қайраткердің қайшылыққа толы ғұмыры мен ел басқарудағы біліктілігі баяндалады.

Айта кетейік, 18 маусым — Манделаның туған күні. Сондай-ақ, биыл, Оңтүстік Африка Республикасының тәуелсіздік алғанына — 20 жыл.