Астана мен Алматыда «Опералия - 2014» фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Алматыда «Опералия - 2014» фестивалі өтеді

Астана мен Алматыда «Опералия - 2014» фестивалі өтеді

1 және 4 шілде күндері Астана және Алматы қалаларында опера әншілерінің ең танымал фестивалі «Опералия - 2014» өтеді.

  • 24 Маусым 2014
  • 391
Фото - Caravan.kz


«Опералия» халықаралық фестивалі 2005 жылдан бастап Астана күні қарсаңында өткізілетін ең үлкен мәдени шаралардың біріне айналды.

«Опералия» фестивалінде қала қонақтары мен тұрғындары әр жылы әлемнің үздік театрларындағы көрнекті балет пен опера жұлдыздарының өнерін тамашалауға мүмкіндік алады. Биылғы жылғы фестивальге жоғары деңгейдегі жұлдыздар қатысады.

  Концерттік бағдарламада Еуропаның үздік театрларының солистері:  Леонардо Каими (тенор), Ева Мэй (сопрано) өнер көрсетеді. Дирижері — Алан Бөрібаев.

 «Опералия-2014» фестивалінде «Жас Бразилия балеті» балеттік труппасының солистері Аманда Гомес және Маркус да Сильва, Ұлттық Рим операсының солистері Эрика Гаудензи мен Джакомо Люси, Штутгарт Ұлттық операсының прима балеринасы Алисия Аматриан және Штутгарт Ұлттық операсының премьері Джейсон Рейли, Марииндік театр солистері Елена Евсеева және Алексей Попов (Ресей), «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының солистері Таир Гатауов, Әйгерім Бекетаева және Еркін Рахметуллаев, Абай атындағы ҚМАОБТ солистері Гүлмира Құрбанова және Фархад Буриев, сондай-ақ Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі және хоры өнер көрсетеді, деп хабарлайды «Қазақ әуендері» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Перейти к новостям спорта