Айта кетейiк, бұл матчтың алдында Ресейде 1 ұпай, Алжирде 3 ұпай болған. Егер ресейлiктер Алжир құрамасынан басым түскен жағдайда топта екiншi орынмен плей-оффқа өте алар едi. Дегенмен ойындағы есеп 1:1 болды.
Алғашқы голды ресейлiктердiң шабуылшысы Кокорин ойынның 6-шы минутында салды. Дегенмен 60-шы минутта алжирлiктер есептi теңестiре алды. Гол авторы — Ислам Слимани.
Н тобында сонымен қатар Бельгия құрамасы 9 ұпаймен 1/8 финалға шығып отыр.