Е. Хасанғалиевтің әндерін орындаушылар фестивалінде маңғыстаулық әнші топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Е. Хасанғалиевтің әндерін орындаушылар фестивалінде маңғыстаулық әнші топ жарды

Е. Хасанғалиевтің әндерін орындаушылар фестивалінде маңғыстаулық әнші топ жарды

Оралда белгілі әнші-композитор, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың VII халықаралық «Атамекен» ән фестивалінің жеңімпаз-жүлдегерлері белгілі болды.

  • 27 Маусым 2014
  • 877
Фото - Caravan.kz

Облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының міндетін атқарушы Нұргүл Бердашеваның айтуынша, дәстүрлі ән додасында маңғыстаулық Бақтылы Көнебаева бас жүлдені иеленіп, жеңімпаз атанды. Оралдық жас таланттардың бірі, жүргізушілігімен де танымал Камалиден Айтбаев 1-орынға көтерілді. Сондай-ақ Нұрбол Темірғалиев (Қарағанды) пен Расим Жұмағалиев (Орал) — екінші, Миржан Қабдолов (Атырау), Айымбек Сартуков (Орал), Айбек Дәулетқалиев (БҚО, Теректі ауданы) үшінші орынды еншіледі. Бірқатар әншілер дипломант атанды.
Бұл жолғы байқаудың ерекшелігі, Ескендір Хасанғалиевтің сирек айтылатын әндері орындалды, яғни қатысушылар барынша әзірленген. Үміткерлердің Моңғолиядан, Ресейдің Астрахан, Самара облыстарынан да ат арытып келуі байқаудың аясы жыл сайын кеңейіп келе жатқандығын көрсетеді.
«Атамекен» ән фестивалінің өтуіне орай елге келген әкелі-балалы әнші-композиторлар Ескендір және Біржан Хасанғалиевтерді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қабылдап, құрмет көрсетті. Ескендір Хасанғалиевтің сөзіне қарағанда, 2000 жылы бастау алған фестиваль екі жылда бір рет ұйымдастырылып келеді. Соңғы жылдары оның халықаралық мәртебе иеленуі қуантады. Ең басты мақсат — өнер әлемінде жаңа көріне бастаған жас таланттарға жол ашу.

Перейти к новостям спорта