Еліміздің танымал әншілері Астана көшелерінде көшпелі концерт береді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің танымал әншілері Астана көшелерінде көшпелі концерт береді

Еліміздің танымал әншілері Астана көшелерінде көшпелі концерт береді

«Астана Шаттық» шығармашылық керуені қаланың тұрғын үй алаптарында осымен бесінші жыл қатарынан өткізілмек. Автокеруен Астана қаласы тұрғын үй алаптары тұрғындарына арналған көшпелі концерттен тұрады. Концерттік бағдарламаға түрлі өнер жанрлары мен бағыттары енгізілген. Әсіресе оған отандық эстрада жұлдыздарының қатысуы ерекше әр бермек.

  • 27 Маусым 2014
  • 471
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы хабарлады.

Биылғы бағдарлама аясында Алтынай Жорабаева, «MYSTERIONS» тобы, Бауыржан Нұрымбетов, Ақбикеш, «Арнау» би ансамбілі, заманауи өңдеудегі домбырашы Жұлдыз Жабелова, сиқыршы Сұлтанбеков Айдархан, академиялық орындаушы Назым Сағынтай, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұрат Нұрғазиев сынды отандық эстрада жұлдыздары мен КВН әртістері өнер көрсетеді

Концерттік бағдарламаға қатысушылар арасында танымал эстрада жұлдыздарымен қатар өнерге жаңа қадам басқан жас әншілер, әртістер, би ұжымдары бар. Аталмыш автокеруен олардың өз өнерін таныстырып, көрермендерге дәріптеуі үшін таптырмас алаң болары сөзсіз.



Автокеруен бағдарламасы кішкентай балалар мен ересектер талғамын тұстастай қамтиды. Биыл автокеруен үш аудандағы келесі тұрғын үй алаптарында өтеді: Теміржолшылар кенті, Мичурино, Пригородный, Заречный, Өндіріс, Көктал тұрғын үй алаптары.

Перейти к новостям спорта