Twitter-дегі парақшасында ол болған жағдайға байланысты «қатты өкінетінін» мәлім еткен.
«Бірнеше күн мен өзімнің отбасыммен болып, 2014 жылдың 24 маусымындағы Италия-Уругвай матчы кезінде болған жағдайды ой елегінен өткіздім», — деп жазды спортшы.
«Мен болған жағдайға байланысты қатты өкінемін. Мен Джорджо Кьеллини мен барша футбол құрамасы мүшелерінен кешірім сұраймын. Жұртшылыққа енді мұндай жағдай болмайды деп уәде беремін», — деп мәлім етті Суарес.
Италия құрамасының қорғаушысы Джорджо Кьеллиниді Бразилиядағы әлем чемпионатының матчы кезінде тістеп алғаны үшін Суарес төрт айға футболдан шеттетілді. Оған футбол ойнауға, стадиондарға келуге тыйым салынған.