Қазақстанның отандық өнер майталмандарының концерті Вашингтондағы Кеннеди орталығында жалғасын табады. Бұл шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі АҚШ-тағы елшіліктің, БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдік пен Нью-Йорктегі Бас консулдықтың қатысуымен ұйымдастырды. Концерт сонымен бірге Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлау науқанының жоғары қарқынға ие болуына, сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 өткізуге орайластырылған.
Концертте БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун жұбайымен және бүкіләлемдік ұйым жанынан тіркелген АҚШ-тың ірі қалаларындағы дипломатиялық корпус өкілдері болды