«Тур де Франс»: «Астана» велокомандасының көшбасшысы негiзгi қарсыластарын шаң қаптырды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тур де Франс»: «Астана» велокомандасының көшбасшысы негiзгi қарсыластарын шаң қаптырды

«Тур де Франс»: «Астана» велокомандасының көшбасшысы негiзгi қарсыластарын шаң қаптырды

«Тур де Франс» көпкүндiгiнiң 5-кезеңiнде жарыстың көш басында келе жатқан «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали негiзгi қарсыластарынан қара үзiп, мәреге үшiншi келдi.

  • 10 Шiлде 2014
  • 315
Фото - Caravan.kz

Осылайша, ол Тур де Франстың сары жейдесiн өзiнде сақтап қалды. Бельгияның Ипр мен Аренберг қалалары арасында өткен 155,5 шақырымдық жолды бiрiншi болып голландиялық велошабандоз Ларс Бом жүрiп өттi. Екiншi орында «Астана»  командасының спортшысы Фульсанг келдi.

Айта кетейiк, осы кезеңде Тур де Франс көпкүндiгiнiң былтырғы жеңiмпазы Кристофер Фрум жарақат алып, жарыс жолынан шығып қалды. Сонымен қатар негiзгi қарсылас Альберто Контадор бұл жарыс күнiнде Астана капитанынан 2:55 минутқа қалып қойды.

Жалпы есепте Винченцо Нибали көш бастауда, екiншi орынға одан екi секундқа қалып келе жатқан  «Астана» командасының тағы бiр мүшесi Якоб Фульсанг жайғасты. Үздiктер үштiгiн Петер Саган түйiндеп тұр. Ол көшбасшыдан 44 секундқа қалып келедi.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера