Бүгін Мұқағали Мақатаев атындағы республикалық жазба ақындар байқауы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Мұқағали Мақатаев атындағы республикалық жазба ақындар байқауы өтеді

Бүгін Мұқағали Мақатаев атындағы республикалық жазба ақындар байқауы өтеді

10 шілде күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында Мұқағали Мақатаев атындағы «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық жазба ақындар байқауы өткізіледі. 

  • 10 Шiлде 2014
  • 1192
Фото - Caravan.kz


Байқаудың мақсаты — ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың қуатты да көркем шығармаларын насихаттау, жыр жампозының мұрасы арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас талантты ақындарды таныту, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Байқау қатысушыларына екі тапсырма беріледі. Оның ақындардың М.Мақатаевқа арнаған өлеңдері қамтылған алғашқысы «Поэзия, менімен егіз бе едің?» деп аталады.

Тіл тақырыбына арналған «…Ал, екінші бақытым — тілім менің» атты екінші сайыста додаға қатысушылар ана тіліміздің баға жетпес байлығын, сөз құдіретін, бабалардан қалған асыл мұралардың сарқылмас қазынасын жыр өзегіне алулары тиіс.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген Нұртас Тұрғанбекұлы, Жұлдызай Ысқақ, Саян Есжан, Азамат Базарбаев, Наурызбек Саршаев, Нұрдос Каримов, Игілік Бауыржан, Нүсіпқан Қадырсұлтан, Асқар Қызырхан, Әсем Нұрәділқызы, Шұғайып Ақын, Рина Қадырхан, Әлімжан Әлішерұлы, Сабырақын Қадыржан, Жанатбек Айдарәлі, Сабина Мадреимова, Аяшева Әйгерім сынды жас ақындар қатысып, бақ сынайды.

Жеңімпаздар Алматы облысы әкімінің арнайы жүлдесімен, Жамбыл ауданы әкімдігінің арнайы жүлдесімен, Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының дипломымен және қаржылай ынталандыру, естелік сыйлықтарымен марапатталады, деп хабарлайды «Әдебиет порталы».

Перейти к новостям спорта