Маманның атап көрсеткенiндей, ұлттық команданың жартылай финалдағы сәтсiздiгi неден болғандығын анықтау қиын.
«Бразилия құрамасы 2002 жылдан берi алғаш рет әлем бiрiншiлiгiнiң жартылай финалына шығып отыр. Әрине бiз ащы жеңiлiске ұшырадық, дегенмен барлығы соншалықты нашар емес. Өзге жағдайда бiз осындай ұзақ жолды жүрiп өтер алар емес едiк», — дейдi Сколари.
«6 минут iшiнде 4 голды қалай өткiзiп алғанымызды түсiндiре алмаймын. Осы сауалға қазiр қандай да бiр жауап қата алмаспын. Бiзге ендi үшiншi орын үшiн болатын матчқа дайындалу қажет. Осыдан кейiн мен Бразилияның футбол федерациясы басшылығымен кездесiп, ұлттық құрамадағы менiң болашағымды талқылаймыз. Менiңше, Бразилияның бүгiнгi құрамасының кем дегенде 70 пайызы 2018 жылы Ресейдегi әлем чемпионатына қатысады», — деп атап өттi ол.