Берлин симфониялық оркестрінің солисі ретінде тұңғыш рет қазақстандық өкіл өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Берлин симфониялық оркестрінің солисі ретінде тұңғыш рет қазақстандық өкіл өнер көрсетті

Берлин симфониялық оркестрінің солисі ретінде тұңғыш рет қазақстандық өкіл өнер көрсетті

Осы күндері Берлинде өтіп жатқан Audi Klassik Open Air классикалық музыка фестивалі шеңберінде Берлин симфониялық оркестрінің дирижері Лиора Шамбалдың басшылық етуімен дүниежүзіне белгілі қазақстандық скрипкашы, көптеген атақты халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаеваның жеке концерті өтті. 

  • 15 Тамыз 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz


Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлемдегі атақты Берлин симфониялық оркестрінің тарихында қазақстандық өкілдің тұңғыш рет жеке орындауда өнер көрсетуі кештің ерекшелігі болды.

Классикалық музыканың қадірлеп, бағасын білетіндер КА.Хачатурян, П.Чайковский және т.б. әлемге танымал сазгерлер туындыларын Қазақстан классикалық музыка мектебі өкілдерінің орындауында тыңдап, шеберліктеріне тәнті болды.

Онда атақты қазақ скрипкашысымен қатар сахнада көптеген өзге классикалық музыканың жұлдыздары, солардың ішінде опера әншілері Йохен Ковальски және Светлана Касьян, Вольфганг Колердің джаздық тобы, Бабельсбергтің неміс оркестрі мен «Primatre» оркестрі өнер көрсетті.

Биыл Берлинде ұйымдастырылған Audi Klassik Open Air классикалық музыка фестивалі осымен 13-ші рет өтіп жатыр. Тамыздың 13-де басталған шара 17-де аяқталады.

Перейти к новостям спорта