Бүгін еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жауады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жауады - Қазгидромет

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жауады - Қазгидромет

15 тамыз, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыздығы сақталады, жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

  • 15 Тамыз 2014
  • 325
Фото - Caravan.kz


Солтүстік өңірде бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Еліміздің тек батыс пен оңтүстік өңірінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз.  

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ жууы ықтимал. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады. Алматы мен Жамбыл облысында да екпіні  15-20 м/с жел, шаңды дауыл тұруы мүмкін.  Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Қостанай, күндіз Қызылорда облыстарында 15-20 м/с-қа жел күшейіп, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық болады деп күтілуде.