Қарағанды облысында мүлікті заңдастыруға дайындық жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында мүлікті заңдастыруға дайындық жүріп жатыр

Қарағанды облысында мүлікті заңдастыруға дайындық жүріп жатыр

Қарағанды облысында мүлікті заңдастыруға белсенді түрде дайындалып жатыр, деп хабарлады облыстық экономика және қаржы басқармасында.

  • 15 Тамыз 2014
  • 327
Фото - Caravan.kz

Тамызда ҚР Үкіметі жария ету тәртібі мен комиссия құру ережелерін қабылдайды. Облыс өңірлерінде қазір мүлікті заңдастаруға құжаттарды қабылдайтын ғимараттар анықталуда, комиссия мүшелігіне үміткерлер қаралып жатыр.

«Заңдастыру үшін қажетті құжаттарды 1 қыркүйектен бастап тапсыруға болады. Азаматтар өтініштерімен барып, сәкес құжаттар пакетін тапсырулары керек. Өтінішті қарауға ол тапсырылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн беріледі. Шешім әрбір заңдастыру нысаны бойынша жеке қабылданады. Мүлік комиссияның заңдастыру туралы шешім шығарған күнінен бастап заңдастырылған деп саналады», — деп түсіндірді облыстық экономика және қаржы басқармасынан.

Заңдастырылатын мүлікке байланысты берілген мәліметтердің толық әрі шынайы болуына оны заңдастыратын субъектілер жауап береді.

Ел аумағынан тыс жердегі мүлікті заңдастыру кезінде одан 10 пайыз мөлшерінде жинақ алынады.


«Құжаттарды қабылдау үш бағытта жүзеге асырылады. Қазақстан аумағындағы мүлікті заңдастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бару керек. ҚР аумағынан тыс жердегі құнды қағаздар мен мүлікті заңдастыру үшін құжаттар салық органдарына беріледі. Ақшаның заңдастырылуы екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізіледі», — деп ақпараттандырды басқармада.

Капиталды заңдастыру бойынша республикалық акция 1 қыркүйекте басталып, 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Мүлікті көрсету үшін құжаттарды тапсыру уақыты заңдастыруға 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 30 қарашасы болып анықталған.