Өзара іс-қимыл – 2014» халықаралық оқу-жаттығулары өтетін аймаққа келді.
Ресейлік әскери құрам Қазақстан қарулы күштерінің «Астана» аумақтық әскери басқаруының «Спасск» оқу орталығына ҰҚКҰ шапшаң қимылды ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл – 2014» бірлескен оқу-жаттығуларына қатысуға келді. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне бүгін РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі және ақпарат басқармасының өкілі Ирина Круглова мәлімдеді.
Бүгін Ульяновскіден Қазақстанның «Қарабас» станциясына пойызбен 60 әскери техника жеткізілді.