онда Семей ядролық полигонында сынақ салдарынан зардап шеккен Павлодар облысының үш ауданына көмек көрсету сұралған.
"Ресей Кеңес Одағының ізбасары болғандықтан, оның қарызы бойынша да жауапты. Біз Ресейдің жергілікті халыққа көмектескендігін қалаймыз", деді жұмада "Экология әлемі" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ержан Оразалинов.
Ол атап өткендей, экологтар Ресейден ақша сұрап отырған жоқ.
"Әңгіме ақшада емес. Хатта біз Семей ядролық полигонын толық зерттеп, зардап шеккен үш ауданда орналасқан 35 селоны ауыз сумен қамтамасыз етуді, ол жерлерді жайғастыруға ықпал етуді сұраймыз", деді ол.
Полигон жерін ауыл шаруашылығына беру мәселесі туралы Е.Оразалиновтың пікірінше,одан құтылудың себептерінің бірі -әр түрлі салықтар болып отыр, оның ішінде бүгінде Ұлттық ядролық орталығы төлеп отырған жер салығы.
"Жерді ядролық полигоннан шығару туралы қоғамдық тыңдау өткен бойда,онда көмірді барлау туралы жобалар экологиялық сараптамаға өткізілді, деген хабар тарады. Мүмкін, біреу онда көмірдің бар болғандығын білген болу керек", деді ол.
Хат соңында айтылғандай, оң жауап болмаған жағдайда, бірлестік Страсбургке адам құқы жөніндегі Еуропалық сотқа шағымданбақ.
Мұндай хатты, деді ол, бірлестік мүшелері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да атына дайындауда.