«Алматым – іңкәрім менің» фестиваліне дайындық қыза түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматым – іңкәрім менің» фестиваліне дайындық қыза түсті

«Алматым – іңкәрім менің» фестиваліне дайындық қыза түсті

«Алматым – іңкәрім менің» фестиваліне үш апта қалды. Уақыт жақындаған сайын дайындық жұмыстары да қыза түскен. Бұл думанды кештің өткізіле бастағанына биыл 15 жыл болатынын бұрын хабарлаған едік. Ал осы мерейтойлық шарада өнерсүйер қауымды тосынсыйлар күтіп тұр. Мұнда Голливуд фильмдерімен қатар, қазақ киносында орындалған әдемі әндер шырқалмақ.

  • 16 Тамыз 2014
  • 391
Фото - Caravan.kz

Бұл – кезінде «Қош бол, Медеу» фильмінде орындалған ән. Ал фестивальде қатысушылар осы әуенге Чарли Чаплин болып билейді. Сөйтіп, жұрт оның сүйкімді қылықтарына тағы бір рет тәнті болмақ. Әрине, бұл жолы Чаплиннің рөлін отандық әртістер сомдайды. Ретро концерттің жарнамалық ролигін дайындауға әртістер барын салуда. Ал олардың киімдері мен жеке заттары КТК арнасының стилисі Руслан Ерімовтің қолынан шыққан.

Руслан Ерімов, стилист:

— Мына іздер былтырғы жылдан қалған. Осы бұрыш менің шеберханам іспетті. Өткен жылы әнші Айжан Нұрмағамбетованың бәтеңкесін сары түске бояғанмын. Биыл Чарли Чаплиннің таяғын алтын түспен әрледім. 

Биылғы фестивальде сахнаны безендіруге, әртістердің киімі мен заттарына міндетті түрде алтын түс пайдаланылуы тиіс. Демек, «Оскар» деген атымен үйлесіп тұруы ләзім. Ең қызығы, кино майталмандарына берілетін бағалы сыйлыққа жан бітпек.


Андрей Еремин, қоюшы-режиссер:

— Бұл фестивальға біз әлемдік деңгейдегі рәсімдерді енгіздік. Ал, сахнада көпшілікті таң қалдыратын сәттер көп болады. Біз айтулы шараның телевизиялық нұсқасына аса мән беріп отырмыз. Бір сөзбен айтқанда шоу техникасының соңғы мүмкіндіктерін пайдаланамыз. 

«Алматым – іңкәрім менің» фестивалінің 15-ші думанында алтын қордағы үнді фильдеріндегі әндер де шырқалады. Мереке қазақ жерінде өткендіктен, төл кинотуындыларымыз да ескерусіз қалмақ емес. Ал осы Алматыдағы басты мәдени шаралардың бірегейін тек қана КТК арнасынан тамашалай аласыздар.