Ауыр дертке шалдыққан атыраулық баланың ата-анасы елден көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр дертке шалдыққан атыраулық баланың ата-анасы елден көмек сұрады

Ауыр дертке шалдыққан атыраулық баланың ата-анасы елден көмек сұрады

Ауыр дертке шалдыққан атыраулық бүлдіршіннің ата-анасы көмекке зәру. 1 жастағы Жанел Жұмағалиеваға дәрігерлер «бауыр циррозы» деген диагноз қойған. 2 айлығында ота жасалып, өті алып тасталған балғынның қазіргі жағдайы өте ауыр. Жанелдің ата-анасы отандық дәрігерлердің алдынан өткен. Бірақ, өкінішке қарай, олар ешқандай көмек көрсете алмайтындарын айтыпты. Ендігі үміт шетелдік мамандарда ғана болып тұр.

  • 16 Тамыз 2014
  • 342
Фото - Caravan.kz

 Израиль дәрігерлері баланың бауырын ауыстыру арқылы оны аман алып қалуға болатынын айтқан. Бірақ ол үшін 200 мың еуро сұрап отыр екен. Отбасында Жанелдің әкесі ғана жұмыс істейтіндіктен, мұндай қаржыны жинау Жұмағалиевтар әулетіне қиын соғып отыр. Ауруы жанына батқан бүлдіршін күн өткен сайын салмақ жоғалтып, азып барады. Қою тамақты  ішуге мүлдем болмайды. Күніне бар болғаны 30 грамдай тамақты талғажу етеді. Оның үстіне 2 айдан бері дене қызуы да 39 гратустан түспепті.


Алтын Ысқақова, Жанелдің әжесі:

— Бала көрінгесін, өмір сүргені жақсы ғой. Біз көмек сұраймыз.Негізі, емделмейтін мүше де айтады ғой, сонда да үмітімізді үзбейміз. Елден  көмек сұраймыз.

Отбасының байланыс теелефоны: +7 778 736 85 86