Әл Мәлики «билікті тапсыру ісін жеңілдету және үкіметті жасақтау мақсатында Хейдар әл Абадиге жолымды беріп отырмын» деді. Ресми Бағдат әл Абадиді мәмілегер тұлға деп есептейді екен. Ал ел президенті Фуад Маасум оған жаңа министрлер кабинетін жасақтауды дүйсенбі күні-ақ тапсырған болатын. Бағдаттағылар осындай өзгерістен кейін үкімет күшейіп, содырларға тойтарыс беруге мүмкіндік туады деп үміттенеді. Ирактың конституциясына сәйкес, жаңа министрлер кабинеті бір айда жасақталуы тиіс.