Азаматтық соғыс жүріп жатқан Сириядан тағы бір отандасымыз қайтып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтық соғыс жүріп жатқан Сириядан тағы бір отандасымыз қайтып келді

Азаматтық соғыс жүріп жатқан Сириядан тағы бір отандасымыз қайтып келді

Сирияға тұрмысқа шыққан тағы бір қазақ қызы қайтып келді. 43 жастағы Ақбантик есімді отандасымыздың отбасы сол соғыс болып жатқан елде қалыпты. Ал өзі ерікті түрде Қазақстанға қайтуға шешім қабылдаған. 

  • 16 Тамыз 2014
  • 242
Фото - Caravan.kz

Отандасымыз алдымен Ресейдің ұшағымен Мәскеуге дейін жетіпті. Енді жақын күндері елге оралмақ. Көршілеріміздің төтенше жағдай қызметіне арналған ұшағы қанды қақтығыс болып жатқан  Сирияға гуманитарлық көмек алып барған екен. Ресейлік құтқарушылар кері жолда азамттардың өтінішімен  60 адамды  Мәскеуге дейін алып қайтыпты. Олардың 42-сі ресейліктер, ал біреуі Қазақстан,  9-ы Өзбекстан, Украина, Беларусь азаматтары. Араларында сириялықтар да  бар.  Қазір Сирияда оппозиция мен ел билігі арасындағы өзара қақтығыс ушығып тұр. Екі тараптың текетіресі үш жылдан бері жалғасуда. Ал онда қазір еліміздің қанша азаматы бар екені жөнінде нақты ақпарат жоқ.


Нұржан Айтмаханов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: 

— Сирияда әскери әрекеттер  басталмастан бұрын консулдық тіркеуде тұрған Қазақстаннның  190 азаматы болған, бірақ елге кері оралған азаматтың саны 206 құрап отыр. Дегенмен, бейресми  ақпаратқа сүйенетін болсақ,  қазір Сирияда 40-50 қазақстандық болуы мүмкін.