Шырт ұйқыдағы жұрт үй өртеніп жатқанда оянды. Бала-шағасын қолтықтай сала, бәрі бірдей көшеге көйлекшең қаша жөнелген.
— Өрт сөндірушілер кеш келді. Суы да жоқ. Солардың кесірінен үй жанып кеттіі. 2 сағат болды әлі өшіре алмай жатыр.
Екі қабатты үйдің шатыры ендігі жоқ. Жоғарыдағы пәтерлердің іші де түгел жанған. Терезе, есіктері ажырап, қаңқалары бірінен соң бірі түсіп жатыр. Алапат өрт тек таңға жуық аздап басылған.
Фарида Жарболова, зардап шегуші:
— Білмейміз оны өрттің қалай болғанын, неден басталғанын, неден қойғанын? Шырт ұйқыда жатқанбыз. Айғайлаған дауыстар естідік. Әйтеуір көршілер бір бірін құтқарып, шыққаннан кейін түгендедік. ойбай барсыңдар ма деп, Ештеңеміз де қалған жоқ.
Фарида түннен бері қарай есеңгіреп отыр. Көз алдында өртеніп кеткен үйіне қарап сенерін не сенбесін білмейді. Қалған 20 шақты отбасы да дәл осындай күйде. Ересектер түгілі, балалар да енді қайтерін білмей дал. Мектепке деп сатып алған су жаңа қаламсаптары да, киімдері де түгел осы түні өртеніп кетіпті.
Жанна Ямұхамедова, зардап шегуші:
— Сабаққа қалай баратынымды білмеймін. Музыкалық колледжге баруым керек еді.
— Өрт әлі де сөндіріліп жатыр, ендігі бұл үй тұруға жарамсыз. Терезе, есіктері барлығы түгі қалмиай жанып кеткен. Бәрақ күнде үйінен айырылған тұрғындар қазір енді қайда барарларын білмей дал. Олар шиеттей балаларымен осы түнді де жанған үйлерінің жанында өткізбек.
Енді өртке кінәлілер табылмайынша өтемақы берілмейді. Ал шенеуніктер жұртқа қонақ үйге баруды үгіттеді. Тек ол 2 күндік көмек қана. Тірідей өртеніп кете жаздағандар енді өз беттерімен тіршілік етуі тиіс.
– Мүлдем ешқандай жауап бермейсіз ба?
– Жоқ, жоқ!