Баланың санасына да, ағзасына да залалсыз ойыншық өнімдеріне қашан қол жеткіземіз? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баланың санасына да, ағзасына да залалсыз ойыншық өнімдеріне қашан қол жеткіземіз?

Баланың санасына да, ағзасына да залалсыз ойыншық өнімдеріне қашан қол жеткіземіз?

Қоғамда ойыншықтарға деген сұраныс өсуіне орай, соңғы жиырма жылда елімізге шетелден ойыншықтардың импортталуы арта түсті. Осы орайда аталған тауардың қай елдерден көбірек импортталғанын айту артық болмас. Ресми дерек бойынша, Қазақстанға 48 мемлекет ойыншық сатады. 

  • 18 Тамыз 2014
  • 2068
Фото - Caravan.kz

Бір жыл ішінде біздің елге АҚШ-тан 72 млн. доллардың, Қытайдан 50 млн., Ресейден 12 млн. доллардың ойыншықтары әкелінеді екен. Егер сол заттарды өндіруді өзіміз қолға алсақ, отандық кәсіпкерлер табысқа кенеліп, әрі ел қазынасына қаншалықты пайда әкелетінін өзіңіз есептей беріңіз. 

Айта кету керек, елімізге Қытайдан келетін ойыншықтар қаржы жағынан екінші орында тұрғанымен, саны жағынан АҚШ-ты артқа тастап кетуі мүмкін. Өйткені қазіргі базарды арзандығымен жаулап алған ойыншықтар Қытай үлесіне тиесілі.
Қытай әлемдік нарықта екі нәрсесімен әйгілі деп айтуға болатын болса, бірі арзан тауарымен, енді бірі осы арзандығына сай сапасыз өнімімен. Әрине, арзан һәм сапасыз тауардың адам денсаулығына да зиян болатыны айтпасақ та түсінікті. Бұл мәселе жөнінде баспасөз беттерінде талай мәрте айтылған, жазылған болатын.

Еліміз осындай, сапасыздығымен баланың санасынада ғана емес, ағзасына зиян шетелдің ойыншықтарынан қалай құтылмақ керек?

Қазіргі қоғамда қазақстандықтарға сапалы және бағасы арзан ойыншықтар қажет. Ендеше бұл сауалдарға жауап іздеп көрелік. Елімізде алғашқы болып отандық ойыншықтар жасаумен белгілі болған продюссер Қыдырәлі Болманов бір сұхбатында, бала санасына да, ағзасына да пайдалы, сапалы ойыншықтарды көпшіліктің ойындағыдай төмен бағамен жасау әзірге мүмкін емес екендігін айтады.

«Ойыншықтарымыз әлем ойыншықтарының 95%-ын құрастырылатын Қытайдың Гуаңжоу мен Гонконг қалаларында жасалынады. Бүкіл әлемді өзіне тартып алудың қамын бұл ел әлдеқашан есептеп, жоспарлап қойған. Мысалы, бір ойыншық жасау үшін бірнеше қала жұмылдырылады. Біреуі жұмсақ ойыншық жасаса, енді біреулері олардың дыбыс шығаратын динамиктерін жасайды, біреулері киімін тігеді, тағы бірі қосымша бөлшектерін жасайды. Қажетті шикізатпен, технологиямен толық жабдықталған. Сондықтан біз сол елдермен селбесуге мәжбүрміз. Әрине, өндірген өніміміз ойлағанымыздай болу үшін», — дейді кәсіпкер.

«Отандық ойыншық» атап, өзіміз зауыт ашып, бүлдіршіндердің ағзасына зиянсыз, санасына пайдалы ойыншықты Қазақстанда неге өндірмейміз дейтін ой көпшіліктің көкейінде жүргені рас.

«Ойыншық бизнесімен толықтай айналысуға өте қомақты қаражат керек». Бұл — осы саланың «жілігін шағып» жүргендердің пікірі. «Америкаға да, Еуропаға да зауыт ашып, шаруаны бұл жөнінен дөңгелетіп әкету екіталай. Әрі зауыт ашып, отандық ойыншығымызды шығарған күннің өзінде, бағасы Қытайдан жасап әкелгеннен ойыншықтан әлде қайда қымбат болады. Аспан асты елінде ойыншық жасайтын зауыттар өте көп. Бірақ, ойыншықтың негізгі тұтынушыларының сұранысы арзан ойыншықтар болғандықтан сапалылары санаулы. Егер олар мен бірлесіп жұмыс жасайтын болғанда, сапа сертификатынсыз жұмыс істейтін зауыттарға ұрынып қалмас үшін сенімді серіктес табуға айлап іздеуге тура келеді. Жүздеген зауытты аралап, танысып, бала денсаулығына зияны жоқ таза шикізатты пайдаланатын, сертификаты сенімді зауытты табу оңай болмайды екен.

Қытай ойыншықтары

2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «ойыншықтардың қауыпсіздігі туралы» жаңа заң күшіне енген болатын. Содан бері осы заңды жүзеге асыру үшін, еліміздің әр облыстарына дейін ойыншықтарға тексеру жүргізле бастады. Бұл заңның 7-бабында көрсетілгендей ойыншықтың қауіпсіздігі, баланың санасына әсері арқылы ғана өлшенбейді. Нақтырақ айтқанда адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ, қоршаған ортаға қауіп төндірмесе; баланың рухани-эмоциялық салауаттлығын сақтаса. Міне, осы сияқты өлшемді талаптар бар. Бірақ біздің қолда, әзірше, қытайдың ойыншықтары. Себеп біреу — сырыт қараған адамға шағын болып көрінгенмен, бұл саланың нарықта ұстайтын орыны өте ауқымды.

Қазақстанда дайындалатын сапалы ойыншықтар қалай жасалады?

Қазақстанда дайындалатын ойыншықтардың өзіндік жасалу процесі бар. Ойыншықтарды дайындау эскизден басталады. Дизайнер — алдымен қағазда болашақ персонаждарды ұсынуы керек. Ол әрбір элементті тиянақты түрде салуы тиіс. Ойыншықтардың эмоциялары жағымды, көздері жайнап, жүзінен күлкі лебі білініп тұруы тиіс. Әрі қарай, шеберлер әрбір кішкене бөлшектің түсін, формасын қалай жасау керек екенін шешеді. Бірақ бұл істе немқұрайдылық болмауы бірінші шарт. Қарапайым адамға терісінің түсі сары, ерні қызыл, ал көзінің ақтары — ақ түсті болып көрінер. Алайда, шын мәнінде адам терісінің табиғи түсін шығару үшін бірнеше түсті пайдаланады… Отандық өнім болған соң, тұтынушыны тартудың ең басты бір жолы ойыншықтың сыртқы келбеті де басты роль ойнайды. Яғни сырт киімі. Қараған көзге кішкентай болғанмен, киімнің әр бөлшегі жеке-жеке цехтардан тігіледі де, әжептауір қаржыны қажет етеді.
Міне, қазіргі кезде бағасына сапасы сай келетін балалар ойыншығын жасауға осындай көптеген процестер орындалуы тиіс. Демек, бұлардың соңы ойыншықтардың бағасының жоғарлауына әкеп соғады.

Сондықтан, бәріміз ойлағандай сапалы әрі зиянсыз, бағасы да қалтаға салмақ түсірмейтіндей болуға қазірше мүмкіндігі аз. Егер біз балаларымызға ағзасына, санасына кері әсер етпейтін, сапасы ойдағыдай ойыншық аламыз десек онда бағасына қарамауға тиіспіз. Алайда қалтамаыз көтерді деп баланың саұраған ойнышығын алып бергеннен көрі, қазақтың аңыз-ертегілері айтып беріп, қызықты тақпақтар жаттатып, ақылиялы әңгімелермен тарбиелеуге тырысуымыз керек.
Баланың ағзасына да, санасына да кері әсері жоқ ойыншық жасаудың ауылы бізге алыс болуы мүмкін. Бірақ, елдің экономикалық, заттық өресінің артуына байланысты, сапалы ойыншыққа деген сұраныста солай артып келеді. Демек талғам өссе, оған сай тауардың елімізде жасалуы, нарықтың күшейіне, шағын және орта бизнес орындарының ашылуына жол ашады.