Қыркүйек айында Алматы қаласында қуыршақ театрларының фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыркүйек айында Алматы қаласында қуыршақ театрларының фестивалі өтеді

Қыркүйек айында Алматы қаласында қуыршақ театрларының фестивалі өтеді

Қыркүйектің 5-і мен 12-сі аралығында Алматыда ТМД елдері қуыршақ театрларының фестивалі өтеді.

  • 18 Тамыз 2014
  • 484
Фото - Caravan.kz


«Алматы-Концерт» ұйымының хабарлауынша, спектакльдердің жартысына жуығы көшпелі және қайырымдылық түрінде өткізіледі.

«Қуыршақ театрларының тамаша қойылымдарын Алматыдағы медицина мекемелерінде емделіп жатқан кішкентай пациенттер мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері тамашалай алады», — делінген хабарламада.

Фестиваль шымылдығы Мәскеу қуыршақ театрының «Петрушка» қойылымымен ашылады. Шараға «Алақай» (Ақтөбе), «Равлик» (Киев), «ТриЛика» (Мәскеу), «Карабаска» (Пермь), «КрошкаАрт» (Санкт-Петербург), «Ученый медведь» (Мәскеу) және Гомель қуыршақ театры мен Душанбе мемлекеттік қуыршақ театры, Бішкек мемлекеттік қуыршақ театры, Алматы мемлекеттік қуыршақ театры қатысады.

Перейти к новостям спорта