Олардың кейбірі қатты дыбысты естігенмен, көбі керең. Алайда отты ча-ча-ча мен посадобльді өзімен жасты сау балалардан кем билемейді.
«Экспресс К» газетінің жазуынша, өткен жылы бұл балалар Болгарияда өнер көрсеткенде, көрермен бұл балалардың музыканы естімейтінін байқамады да. Осы жолы көрмендерді ескертті, олар Петропавлдан келген қонақтарды орындарынан тұрып, қошеметпен қарсы алды. Несебре қаласындағы халықаралық фестивальде Sensetive ансамблін «Бал биі — дуэт» пен «Ансамбль» аталымдарында үздік деп тапты.
Ұжымның мүшесі Евгений Кузьмин әртістігі үшін арнайы дипломмен марапатталды. Қазылар алқасы оның мылқау жас жігіттің махаббат тарихын би тілімен көрсеткенде оған тәнті болды. Фестивальге түрлі елден барлығы 150 жас биші қатысты.