Республикалық ақындар айтысының жеңімпазы 500 мың теңгеге ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық ақындар айтысының жеңімпазы 500 мың теңгеге ие болды

Республикалық ақындар айтысының жеңімпазы 500 мың теңгеге ие болды

Түркістан қаласында айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтың ұстазы, ақын Қаныбек Сарыбаевтың 75 жылдығына орай "Өмірден өтсем де, өлеңнен кетпеймін" атты тақырыпта республикалық ақындар айтысы өтті.

  • 22 Тамыз 2014
  • 385
Фото - Caravan.kz


Жыр додасына Айнұр Тұрсынбаева, Кәрима Оралова, Сара Тоқтамысова, Жансая Мусина, Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров, Сырым Әуезхан, Мейірбек Сұлтанхан, Жарқынбек Наушабек қатысты.

Айтысты сатирик Көпен Әмірбек ашып жүргізсе, Әселхан Қалыбекова, Маржан Есжанова бастаған аузы дуалы айтыскерлер қазылық жасады.

Қорытындысында бас жүлдені (500 000 теңге) Еркебұлан Қайназаров, 1 орынды (300 000 теңге) Жансая Мусина иеленді. Басқа ақындар түрлі номинациялар бойынша жүлделерге ие болды.

Төрт сағатқа созылған айтыстың ұйымдастырылуына Түркістан қалалық әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлер демеушілік көрсеткен, деп хабарлайды kazaitys.kz.

Перейти к новостям спорта