Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күні көпшілік алдына Роза Рымбаева, Алмас Кішкенбаев, Мақпал Исабекова, Алтынай Жорабаева, Дильназ Ахмадиева, Ақылбек Жеменей, Парвиз Назаров, Иван Бреусов сынды әншілеріміз, сондай-ақ белгілі қазақстандық «Rin'Go», «Melo'Men», «DomiNo» топтары шығып, өнерлерімен тәнті етеді.
Естеріңізге сала кетейік, Gakku TV ағымдағы жылдың 2 шілдесінен бастап хабар тарата бастады. Ол қазақстандық музыка әлеміне арналған бірден-бір телеарна болып табылады.