Қазақстанда Эрмитаж филиалы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Эрмитаж филиалы ашылады

Қазақстанда Эрмитаж филиалы ашылады

Қазақстанда Ресей мемлекеттік Эрмитажының филиалы ашылады.

  • 25 Тамыз 2014
  • 385
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайының 10 жылдығына арналған дөңгелек үстелде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Жақында ғана Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет саясатының тұжырымдамасын жасақтады. Онда басты назар мұражай ісінің дамуына да бөлінген. Шынында, біз мұражайлардың ғылыми-зерттеу жұмыстардың орталықтарына айналғандарын қалаймыз», — деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, осы тұста халықаралық тәжірибелер көптеп қолданылатын болады. Сондайлардың бірі — Ресейдің мемлекеттік Эрмитажы.


«Ресейдің мемлекеттік Эрмитажының рөлі мен маңызына тоқталғым келеді. Себебі ол мұражай ісінің үздік әлемдік үлгісі. 7 желтоқсанда ол өзінің 250 жылдығын атап өтпек. Біз де Қазақстанда Ресей мемлекеттік Эрмитажы филиалының ашылуы жөнінде мәселе қарастырылуда», — деді А.Мұхамедиұлы.

Перейти к новостям спорта