Ғаламторда қара нәсілді әншінің қазақ тілде Алматы туралы бейнебаяны жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғаламторда қара нәсілді әншінің қазақ тілде Алматы туралы бейнебаяны жарық көрді

Ғаламторда қара нәсілді әншінің қазақ тілде Алматы туралы бейнебаяны жарық көрді

Ғаламторда "Алматы" әніне түсірілген бейнебаян пайда болды. Онда қара нәсілді әнші Rich D Оңтүстік астанаға деген махаббатын жырлайды.

Алматыдан алған әсерін Нигериядан келген Rich D  өзінше бейнелеген екен. Ол қаланы аралап жүріп көрікті жерлерін суретке түсіріп, домбыра шертіп отыр.

  • 27 Тамыз 2014
  • 555
Фото - Caravan.kz

Өзінің Алматыға деген сезімін әнші қаланың тартымдылығы мен тұрғындарының жылы шырайлығымен түсіндірді.
Rich D творчествосы Нигериясында бастау алған. Кішкене кезінде шіркеу хорында ән салыпты.

Ал Қазақстанға жоғары білім алуға  келіп, мансабын шоу бизнестен бастаған: түнгі клубтарда DJ жүргізуші болып, сонымен қатар өзінің жеке әндерін де жазды. Содан кейін бірнеше жылға АҚШ-қа оқуға кетіп, сол жақта атақты музыка мектебін тәмамдаған. 2014 жылы Rich D  Алматыға қайта оралып, қазақ елінде творчествосын дамытуға бел байлады. Rich D репертуарында  10-нан арта авторлық қазақша , ағылшын, орыс тілінде, сондай-ақ  танымал ретро әндердің кавер түрінде және поп әндер бар. Rich D орыс және ағылшын тілін еркін меңгерген, қазір қазақ тілін  ден қойып үйренуде. Жақында қазақ тілінде өзі жазған әндерін шығаруды жоспарлап отыр.

Перейти к новостям спорта