Мәдениет және спорт министрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын Астанаға көшіруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет және спорт министрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын Астанаға көшіруді ұсынды

Мәдениет және спорт министрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын Астанаға көшіруді ұсынды

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын Алматыдан Астанаға көшіретін уақыт жетті деп есептейді.

  • 28 Тамыз 2014
  • 549
Фото - Caravan.kz

«Әлбетте, Алматы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үшін барлық жағынан қолайлы жер. Бірақ қазір біз оны Астанаға көшіруіміз керек», — деді ол ведомствоның сәрсенбідегі алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, басқарма халықтың діни сауатын көтеру бағытында белсендірек жұмыс істеп, конфессия аралық төзімділікті қамтамасыз етуге және діни экстремизмнің алдын-алу жұмыстарын жүргізуге міндетті.

«Оның үстіне, халықтың басым бөлігі ислам дінін ұстанады. Министрліктің дін істері жөніндегі комитеті басшылары осыған тиісінше көңіл бөлуі керек», — деді ол.

«Мәселен, шіркеулерде жексенбілік мектептер бар. Онда Тәурат оқылады. Бірақ сонымен қатар ол халықпен мәдени-білім беру бағытында жұмыс істейтін қосымша алаң болып табылады. Сондықтан исламды ұстанатындарға арналған осындай мектептер мәдени-ағарту жұмыстарының әлеуетін арттыра түсер еді», — деді министр.


Ол мұндай мектептердің қызметі барынша ашық болуы тиіс екенін атап өтті.

Перейти к новостям спорта