Бұл туралы Украина президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Валерий Чалый мәлім етті.
«Антитеррорлық операция – біздің елімізді қорғау құқығымызға қатысты мәселе. Егер терроршылар тарапынан шабуыл жасалатын болса біздің армия халықты қорғауы тиіс», — деді В.Чалый Киевте өткен брифингте.
Оның айтуынша, дипломатиялық іс-қимылдар болашақта екі жақты шабуылды тоқтатуға көмектеседі.
«Оған көп күш жұмсау қажет. Өкінішке орай, ол бір күнде бітетін шаруа емес», — деп қосты В.Чалый.