Енді «Қазақстан аруын» халық таңдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді «Қазақстан аруын» халық таңдайды

Енді «Қазақстан аруын» халық таңдайды

Биыл «Мисс Қазақстан-2014» сұлулық байқауының форматы өзгерді.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 580
Фото - Caravan.kz

Енді елдегі ең сұлу аруды халық таңдайтын болды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында байқаудың директоры Алена Ривлина-Кырбасова мәлімдеді. 

«Биылдан бастап, еліміздің ең сұлу қызын халық таңдайды. Әділ қазылар алқасы 3 финалист қызды іріктейтін болады. 2014 жылдың 28 қарашасында байқаудың финалы өтеді. Мұнда біз тікелей эфирден онлайн және СМС дауыс беру желісін ашамыз. Ал дауыс беру үдерісін сайт арқылы кез-келген адам бақылай алады. Осылайша, конкурс ашық әрі жария өтеді», — деді Алена Ривлина-Кырбасова.

Оның айтуынша, мұндай формат «әділ қазылар арасындағы бармақ басты, көз қысты» туралы қауесеттерді жоюға көмектеседі.

«Біз не үшін мұны ұйымдастырып отырмыз? Жылда додадан сырт қалған қыздардың жақтаушылары «бұның бәрі сатылып алынды, әділетсіз» деп жатады. Енді, ол стереотипті бұзамыз. Кім топ жаратынын біз де, жюри мүшелері де білмейтін болады. Дауыс беруді тікелей эфир арқылы қорытындылайтын боламыз», — деді директор.

2010 жылғы Алматының ең сұлу аруы атанған, «Мисс Қазақстан-2010» байқауында екінші орынды иеленген Салтанат Бекжігітова да жаңа өзгеріс байқауды әділ етуіне әсер етеді деп санайды.

«Мен байқауда топ жарған кезде жюри мүшелеріне, ұйымдастырушыларға көк тиын берген жоқпын. Бірақ, жеңімпаз атанған кезімде менің атыма «мынау жүлдені сатып алған», «әділ өтпеді» деген сияқты сөздер болды. Осындай қаңқу сөздің еш негізсіз екендігін дәлелдеу керек», — деді Салтанат.

Биылғы байқауға белгілі әнші Луина, тележүргізуші Салтанат Бекжігітова, әнші Әли Оқапов, Илья Ильин, Марат Оралғазин қазылық ететін болады.

Байқауға қатысам деген қыздар онлайн тіркелуден өтуі тиіс. Кейін тіркелген аймақ бойынша кастингтен өтеді. 2014 жылдың 1-30 қазан аралығында байқау комитеті әр аймаққа барып, 100 сұлу қызды іріктеп алады.
Одан кейін 4-15 қазан аралығында Қазақстанның кез-келген азаматы misskazakhstan.kz сайты арқылы ең үздік 5 финалисті анықтайды.

2014 жылғы «Қазақстан аруы» 1 миллион теңге көлеміндегі жүлдеге ие болады.
Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстан аруы» байқауын 10 жыл бойы ұйымдастырып келе жатқан фешн-продюсер Сәкен Жақсыбаев мәлім етті. 

«Биылғы жылдың жеңімпазы 1 млн. теңге болатын жүлдеге қол жеткізеді. Бұл ақшаға ол жеке бизнесін бастап, шартарапқа саяхат жасап, шетелде 1 жыл оқып келе алады. Мұндай қаражатқа Үндістанда 2 жыл тұруға болады. Жеңімпаз ару сән тенденцияларын қалт жібермейтін болса, дизайнерлік киім киюге де ерікті. Қысқасы, бұл қаржы оның болашақ мансабына жол ашпақ», — деді С.Жақсыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы сұлулық байқауының финалы жаңа форматта 28 қарашасында Алматыда өтеді.

Байқауға белгілі әнші Луина, тележүргізуші Салтанат Бекжігіт, әнші Әли Оқапов, Илья Ильин, Марат Оралғазин қазылық ететін болады. Байқауға қатысуға ниет еткен қыздар онлайн тіркеуден өтуі тиіс. Кейін тіркелген аймақ бойынша кастингтен өтеді. 2014 жылдың 1-30 қазаны аралығында байқау комитеті әр аймаққа барып, 100 сұлу қызды іріктеп алады.

Одан кейін 4-15 қараша аралығында Қазақстанның кез-келген азаматы misskazakhstan.kz сайты арқылы ең үздік 5 финалисті анықтайды. «Ең сұлу» деген атқа лайық аруды онлайн дауыс беру, СМС-дауыс беру арқылы халық таңдайды

2693338

Перейти к новостям спорта