Малайзия Қорғаныс министрі Мәскеуде Boeing апатының себептерінің тергелу барысын талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзия Қорғаныс министрі Мәскеуде Boeing апатының себептерінің тергелу барысын талқылайды

Малайзия Қорғаныс министрі Мәскеуде Boeing апатының себептерінің тергелу барысын талқылайды

Малайзияның қорғаныс министрі Хишамуддин Хусейн 10 қыркүйекте Украинаның Донецк облысындағы

  • 8 Қыркүйек 2014
  • 318
Фото - Caravan.kz


жолаушылар лайнері апатының себептерін тергеу барысына байланысты мәселелерді талқылау үшін Мәскеуге келеді, бұл туралы New Strait Times газеті хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Басылым деректеріне сүйенсек, ведомство басшысы Ресей астанасынан Амстердамға барады, онда «Малайзия әуе желісіне» тиесілі Boeing777 ұшағының апатына байланысты істі тергеу үрдісі жайында сөз қозғалады.

30 малайзиялық сарапшылардан тұратын топ лайнердің апатқа ұшыраған аймағынан заттай айғақтар жинау, сондай-ақ қаза тапқандардың сүйектерін іздеуді жалғастыру үшін Украинаға ұшып кетті. Олардың апат орнында қай кезде болатыны әзірге хабарланбады.

Малайзиялық ішкі істер министрі Ахмад Захид Хамиди атап өткендей, жұмысты барынша жылдамдатып бастау қажет, өйткені «бірнеше аптадан кейін ол жерге қар жаууы мүмкін, ал бұл операцияны қиындатып жібереді».