Бұл туралы ол Threads желісіндегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Бір күннің ішінде осындай резонанс болып кетеді деп ойлаған жоқпын. Негізі ол жерде мен Шымкент қаласына, Шымкент тұрғындарына ешқандай бір қарсылығым жоқ. Шынымен сіздердің бір намыстарыңызға тиіп кеткен болса шынымен кешірім сұраймын! Бірақ анау жағдайда сіңлім тежегішті басып үлгермегенде біз екі көлік көпірден ұшып түсетін едік. Эмоция кезінде шынымен солай жазылып кетті. Бір өлім аузынан қалғаннан кейін жынданып миыңды өшіп қалады. Сондықтан да мен шынымен кешірім сұраймын, мынадай резонанс болып кетеді деп ойламадым”, — деп түсіндірді Фариза Жұманова.
Еске салсақ, жол бойында болған жағдайдан кейін Абай Бегейдің әйелі мынадай жазба қалдырған еді:
