Қызметтік көлікте ұйықтап қалған полицейлер жұмыстан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызметтік көлікте ұйықтап қалған полицейлер жұмыстан босатылды

Қызметтік көлікте ұйықтап қалған полицейлер жұмыстан босатылды

Ақтөбеде жол-патрульдік батальонның екі қызметкері жұмыстан босатылды.

  • 8 Қыркүйек 2014
  • 415
Фото - Caravan.kz

Бірнеше күн бұрын «ВАЗ-2115» маркалы көліктің артқы орындығында есік ашық күйінде екі полиция қызметкерінің галстук пен аяқ киімдерін шешіп тастап формамен ұйықтап жатқан бейнажазбасы әлеуметтік желілерде пайда болды.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің бүгінгі хабарламасында мәлімделген.

Бейнежазбаға түсірген адам оятуға әрекет еткеніне қарамастан полицейлер ұйықтап жата берген. Бейнежазба авторы таспаға түсіріп жатып олардың әрекетін сынға алған.

Полиция қызметкерлері 4 қыркүйекте тү жарымнан таңғы 8-ге дейін қоғамдық тәртіпті күзетіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткенін айтқан. Сағат 8.30-дар шамасында көлік жуатын жердің ашылғанын күтіп жатып 11-ге дейін ұйықтап қалғандарын айтқан.


Полиция қызметкерінің Ар кодексін өрескел бұзғаны үшін ІІД басшысының бұйрығымен олар жұмыстан босатылды.