Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Полицейлердің мәліметі бойынша, келеңсіз жағдай облыс орталығындағы №12 орта мектептің маңында орын алған. Жолдың жаяулар жүретін жерінен өтіп бара жатқан 8-10 жас аралығындағы үш баланы «Ваз-21074» көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсі жанғанына қарамастан, қағып өткен.
Зардап шеккен үш оқушы да түрлі дене жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі көлік иесін жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр.