Алматыда тамыз айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тамыз айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі

Алматыда тамыз айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі

Алматыда үстіміздегі жылдың тамыз айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері орта есеппен

  • 9 Қыркүйек 2014
  • 497
Фото - Caravan.kz

жан басына шаққанда 22 185 теңгені құрады. Бұл туралы Алматы қаласының Статистика департаментінен хабарлады.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі әдеттегідей, тамыз айындағы негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларын есептеу арқылы алынды. Бұл көрсеткіш өткен шілде айымен салыстырғанда 2 пайызға, ал 2013 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 4,5 пайызға өсті. 

Оның құрылымында ет және ет өнімдеріне кеткен шығындардың үлес салмағы — 20,1 пайызды, май мен тоң май — 3,3 пайызды, сүт, жұмыртқа және ірімшіктер — 12,7 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштер — 2 пайызды, көкөніс пен жеміс-жидектер — 12,6 пайызды, балықтар — 2,1 пайызды, нан өнімдері мен жарма өнімдері 7,2 пайызды құрайды.