Биыл Алматы саябағында дельфинарий құрылысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Алматы саябағында дельфинарий құрылысы басталады

Биыл Алматы саябағында дельфинарий құрылысы басталады

Дельфинарий ескі автотұрақтың орнында бой көтеретін болады.

  • 9 Қыркүйек 2014
  • 348
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Айдын Рахымбетов баспасөз туры барысында мәлім етті. 

«Қазір жоба инвесторлары қажетті құжаттарды рәсімдеп жатыр. Жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Құрылыс жұмыстары биыл басталады. Нысан бұрынғы автотұрақ орналасқан жерде бой көтереді. Бұл жерде жасыл желектер аз өскен. Сондықтан көп жұмысты талап етпейді», — деді Айдын Рахымбетов.

Сонымен қатар оңтүстік астана қонақтары қала күніне орай Алматыдағы тұңғыш динопарктің ашылуына куә болады. Ойын-сауық нысаны бұрынғы «Родина» кинотеатрында ашылатын болады.

«Бұл — коммерциялық жоба, инвесторы «Алтын Тараз» компаниясы. Мұнда тірі жануарға ұқсайтын 24 динозаврдың макеті орналастырылады.

«Келушілерге қызық болады деп ойлаймыз», — деді Алматы қаласы табиғи ресрустар және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Оразалин.