Шымкентте құдыққа құлаған қария өлім аузынан қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте құдыққа құлаған қария өлім аузынан қалды

Шымкентте құдыққа құлаған қария өлім аузынан қалды

Шымкентте алпысты алқымдаған кісі 3 метрлік құдыққа құлап кетті. Тас зынданда еріксіз 1 тәулік бойына қамалған азамат әрең дегенде өлім аузынан қалған.

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 332
Фото - Caravan.kz

Үйіне кетіп бара жатып, жолды қысқартпақшы болған ақсақал үйлердің арасынан өтіпті. Осылайша қараңғыда ашық тұрған құдыққа құлаған. Аяқ-қолын сындырып алған қарт 24 сағат бойы соның ішінде жатқан. Жарақатын ауырсынып, айғайлап көмек те сұраған көрінеді. Бірақ арада бір күн өткен соң ғана құдықтың маңынан кездейсоқ өтіп бара жатқан жастар дауысын естіп, құтқарушыларды шақырған. Қазір оны дәрігерлер қарап жатыр.