-Бала тынышталды, айналасына қызығушылықпен қарап жатыр.
Туғанынан бастап бесікте жата берген Бекнұрдың аяқтары сіресіп қалған. Нәресте, тіпті, қолына ойыншық ұстай алмайды. Мұндай мүшкіл халге оны туған әкесі мен шешесі жеткізген. Баланы бір жыл бойы бесікке байлап баққан қатігез әйел қазір іздестірілуде. Тек Бекнұр-анасын іздеп жатқан жоқ. Ақтаудағы ауруханаға әбден әлсіреп түскен бала дәрі-дәрмектің арқасында әлденіп, өздігімен отыруға ниеттенуде. Сәбидің жамбасындағы пышақпен тілінген жара да жазылып қалған. Бесікке байланған баланы фельдшерлер байқап қалып, тез арада тиісті орындарға хабарлаған болатын. Тексере келе, Бекнұрдың сол бесікте бір жылдан аса уақыт бойы қимылсыз жатқаны, сондықтан денесін ірің басып кеткені анықталды.
Мария Алдабергенова, невропатолог дәрігер:
