-Түсірмеңіздерші, түсірмеңіздерші…
Осылайша бетін бүркемелеп тұра қашпақ болған қызды тәртіп сақшылары дереу тұтқындады. Ақылы оқуының ақшасын төлеу үшін құрсағындағы сәбиін сатуды ұйғарған ол қазір тергеушілерге жауап беруде. Бір қызығы шаранасын 340 мың теңгеге бағалаған келіншекке бала сатып алушылар да тез табыла кетіпті. Бірнеше жылдан бері бала сүйе алмай жүрген отбасы аталмыш ақшаны әп-сәтте санап беруге келіскен. Бірақ сәби саудасы сәтсіз аяқталды. Осы іске қатысы барлар енді 10 жылға дейін абақтыға қамалуы мүмкін. Ал нәресте жетімдер үйіне тапсырылды.
