Бюджет ақшасын қыдыруға жұмсаған қостанайлық шенеунік қызметінен қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Бюджет ақшасын  қыдыруға  жұмсаған қостанайлық шенеунік қызметінен қуылды

Бюджет ақшасын қыдыруға жұмсаған қостанайлық шенеунік қызметінен қуылды

Жегені желкесінен шықты. Қостанай облысындағы Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Астанадағы ең қымбат мейрамханада тамақтанғаны үшін қызметінен қуылды. 60 жастағы Дәулетбай Құлманов небары бес күнде 1 жарым миллион теңгеге ішіп-жеген.

  • 10 Қыркүйек 2014
  • 451
Фото - Caravan.kz


Аудандағылар әкім орынбасарын «Астанадағы Қостанайдың мәдениет күні мен ауыл шаруашлығы жәрмеңкесін абыроймен атқарып кел» деп жіберген екен. Ал, шенеунік болса, Елордадағы ең қымбат мейрамханаларды жағалап,  армансыз қыдырған. Сөйтіп жергілікті Мәдениет үйінің кассасынан алып кеткен 3 миллион  теңгенің тең жартысын бес күнде жоқ қылыпты. Кейін  Құлманов қаржы полициясының тексеруге келе жатқанын ести салысымен,  Астанадағы ас ішкен мейрамханаларға қайта хабарласып, жалған есеп-шот жасатады. Шенеуніктің бұл қулығы бірден әшкереленді. Бірақ, Құлмановқа қатысты қылмыстық іс қозғалмады. Себебі, жоқ болған қаржы атқамінердің атына жазылмаған екен. Алайда, аудан әкімі ашкөз орынбасарын облыстық тәртіптік кеңеске салып қызметтен қуды.